20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚызылордада дене шынықтыру пәнінің мұғалімі ірі мөлшерде есірткі сақтап, сатумен айналысты деген күдікке ілікті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Qazaqstan.tv-ге сілтеме жасап.
Полицияның құрығына түскен 34 жастағы күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, қамауға алынды.
Ол біраз уақыт Есірткіге қарсы бизнес басқармасы қызметкерлерінің бақылауында болған. Күмән тудырған азаматтың үйін тінту барысында психотроптық есірткіге ұқсас зат табылып, тәркіленді. Және сатуға ыңғайлап, дайындап қойған. Қалаға қарасты елдімекендегі мектепте еңбек еткен мұғалім бір апта бұрын жұмыстан босатылыпты. Оның есірткі бизнесімен қай кезден бастап айналысып жүргені әзірге белгісіз, тергеу жүріп жатыр.
Сараптама қорытындысымен тәркіленген зат салмағы 261 гр. «a-PVP» психотроптық заттарға жататыны бекітілді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына оқшауландырылды, тергеу жалғасуда, - дейді облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Ілияс Жұмағұлов.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?