6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚызылордада патрульдік полиция қызметкерлері аса ірі көлемде есірткі тасымалдаған екі адамды ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қызылорда облысының полицейлері «Қарасора» рейдін өткізген. Оның барысында Арал ауданы тұсында «Самара – Шымкент» тасжолында жол ережесін бұзған Toyota автокөлігін тоқтатқан.
Тексеру барысында көліктен сөмкеге салынған жасыл түсті зат анықталып, айғақзат ретінде алынды. Сараптама қорытындысымен алынған зат 25,2 кг астам кептірілген марихуана екендігі нақтыланды.
Автокөлікті тізгіндеген 43 жастағы жүргізуші мен 43 жастағы жолаушы Атырау облысының тұрғындары болып шықты. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды, - деді Арал аудандық полиция бөлімі тергеу бөлімшесінің аға тергеушісі Жылқайдар Отаров.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі