Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚызылордада Наурыз мерекесі қарсаңында 60 отбасы баспаналы болды. Жаңа қоныс иелеріне пәтер кілттерін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев табыстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Салтанатты рәсімге зиялы қауым өкілдері, жауапты сала басшылары мен қала тұрғындары қатысты. Аймақ басшысы жаңа қоныс иелерін Амал күнімен және алдағы Наурыз мейрамымен құттықтап, өңірдегі ауқымды жобаларға тоқталып өтті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мемлекеттің әлеуметтік саясатының басым бағыты екенін атап өтті. Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауының арқасында бүгінде облысымыздың бюджеті 750 млрд теңгеге жетті. Өздеріңіз білесіздер, осыдан үш жылдай уақыт бұрын аймақ бюджеті 364 млрд теңге болатын. Өсім 206 пайызды құрады. Бұл қомақты қаражат аймақтағы ең өзекті деген мәселелерді шешуге, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға және ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға жұмсалуда. Мемлекеттің қолдауын сезініп, баспаналы болуға ниет еткен әрбір отбасы үшін бүгін айтулы күн! Баспаналы болу отбасын, әсіресе балаларды қуанышқа кенелтеді. Қоныс тойларыңыз құтты болсын! Шаңырақтарыңыз шаттыққа бөленіп, ішінен балалардың әсем күлкісі мен үлкендердің қуанышты үні естілсін! Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!,– деді аймақ басшысы.
Іс-шарада ел ағаларына, жаңа тұрғын үйді салған құрылысшыларға облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды. Айта кетейік, жаңа пәтерлер Қызылорда қаласы Жаппасбай батыр көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйде орналасқан.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?