10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №60 мемлекеттік мекемесінде 21 жылға сотталған Д. есімді азамат заңды некесін қиды, деп хабарлайды EL.kz aқпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Сотталған мен некеге тұрушы әйелдің өтініші негізінде неке қию рәсіміне мекеме заңгері мен теолог маманы, АХАЖ бөлімінің маманы мен мешіт имамы шақырылды.
Әдетте некеге тұрушыларға тек АХАЖ бөлімінің заңды түрде неке қию куәлігі берілетін. Ал бұл некені растайтын діни құжат та, заңды құжат та бар. Сотталған азаматтың өтініші негізінде дін өкілі шақырылып, некеге тұрудағы барлық жөн-жоралғы жасалды, – дейді мекеме заңгері А. Измагамбетова.
Айта кететін жайт, мекемеде кәмелет жасына толған әрбір жазасын өтеуші заңды түрде некесін қиюға құқылы.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді