22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыӨңір тұрғындары күткен жолдың ашылу салтанатына облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, «Қазавтожол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеумбетов, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, депутаттар және ардагерлер қатысты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Облыстық әкімдік мәліметінше, аймақ басшысы бұл жолдың өңір экономикасына, өндірістің өркендеуіне, тұрғындардың әл-ауқатының артуына тигізетін оң ықпалы мен ерекше маңызын атап өтті.
Республикалық маңызы бар автомобиль жолы туралы мәселе Тәуелсіздік алған кезеңнен бері бірнеше мәрте көтерілді. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, тұрғындарымыз қара жолмен елордаға, Ұлытау, Қарағанды облыстарына қатынады. Астанаға 2 мың шақырымнан астам жол жүріп, Балқаш арқылы да барды.
Енді, міне, президентіміздің ерекше қолдауының арқасында қанша жылдан бері халқымыз көтерген өзекті мәселе өз шешімін тапты. Облыс аумағындағы 216 шақырым жол толық қайта жаңғыртудан өтіп, тиісті жұмыстар аяқталды. Жобаны жүзеге асыруға 84 млрд теңге бөлінді, – деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Рәсімде ауқымды жобаның жүзеге асуына үлес қосқан құрылысшылар мен инженерлерге, жол саласының мамандарына облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды.
Негізі Қызылорда-Жезқазған жолының ашылуы 2026 жылға жоспарланған болатын. Халықтың сұранысы ескеріліп, мерзімінен бұрын пайдалануға берілді.
Бұрын сапарға шыққандар екі аралықта 20 сағат жол жүретін. Енді жаңа жолға түскен жолаушылар 16 сағатта діттеген жеріне барады.
Ұлытау облысының аумағында басталған құрылыс жұмыстары аяқталып, жаңа жол пайдалануға берілгенде Астанаға бағыт алған көлік 12 сағатта жететін болады.
Бүгінде «Қызылорда-Жезқазған» жолын «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодәлізіне қосатын 25 шақырымдық айналма жол салатын мердігер мекеме анықталуда. Жақын күндері құрылысы басталады. Жоба құны – 46 млрд 3 млн теңге.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев