Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсҚызылорда тұрғындарын 10 млн теңгеге алдаған әккі алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алаяқтық әрекеттердің біразы мемлекеттік бағдарламамен бой көтерген жылжымайтын мүлікті кезексіз алып беремін, жұмысқа тұрғызамын, кезектен тыс жер, қайтарымсыз несие алып беремін деген желеумен жасалған іс-әрекеттер тұрғындарды сан соқтыруда. Сондықтан сала мамандары тұрғындарды айлакердің арбауына түспеуге шақырады.
Мәселен, желтоқсан айының 9-10 күндері аралығында 8 қала тұрғыны басқарманың кезекші бөліміне алаяқтың әрекетінің құрбаны болғандығы жөнінде арызданған болатын. Жәбірленушілерден 2021 жылдан бастап мемлекеттік бағдарламамен пәтер, қайтарымсыз несие, грант алып беремін деп алдап арбау жолымен 10 миллион теңгеге жуық ақшаларын жымқырып, көзден таса болған. Мәні жағынан бір-біріне ұқсас деректер бойынша басқарма қызметкерлері жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде қала тұрғындарын сан соқтырған бұрын сотты болған 37 жастағы күдікті азаматша ұсталып, басқарманың уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі 4-тармағымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.
Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды