6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚызылорда полицейлері жоғалған жасөспірімді іздеп тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полицияның дерегінше, 1 тамыз сағат 12:00 шамасында 14 жастағы Диас Абдраманов үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған.
Алайда жасөспірімнің анасы бес күн бойы “достарының үйінде жүрген” деген себеппен ұлын іздемей, бейқамдық танытқан. Аталған дерек бойынша Қызылорда қалалық полиция басқармасының Ақсай полиция бөліміне 6 тамызда түнгі уақытта іс тіркеліп, іздестіру жұмыстарын жүргізген.
Полиция қызметкерлерінің күшімен жасөспірімнің араласатын достары, қаланың көпқабатты шатырлары және ауладағы люктары, саяжайлардағы тастанды үйлер, құрылысы бітпеген ғимараттар тексеріліп, фотосуреті көрсетіліп, сұрастыру жұмыстары ұйымдастырылды.
Жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде 14 жастағы жасөспірім 7 тамыз сағат 13:00 шамасында аман-есен табылды. Ювеналды бөлімнің инспекторлары жасөспіріммен және оның ата-анасымен профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі