23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пәтер кілттерін табыстау кезінде түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Журналистер Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтан осы оқиғаға қатысты пікірін сұрады. Сұраққа жауап берген аймақ басшысы мұндай келеңсіз оқиға болмағанын, резонанс тудырған видео монтаждалғанын айтты.
Баспасөз қызметімнің мәліметінше, бұл монтаж болған. Видео жылдамдығын арттырып, өзгертіп жіберген. Олар кешірім сұрап, мойындап, бұл туралы пост жариялады. Мен олардың кім екенін білмеймін. Бұл оқиғаның қалай өткені туралы видео түпнұсқасы парақшамызда тұр, оны көре аласыздар. Жаңа ғимаратты ашсақ, өзіміз жүгіріп, лентасын қиюға асықпаймыз. Бұл құқықты облыс ақсақалдарына береміз. Видеоның толық нұсқасын қарасаңыз, түсінесіз. Онда бір қыз шықты, мен үлкендерге жақындауға нұсқадым, бірақ ол түсінбеді. Сосын өзім тапсырдым, - деді Нұрлыбек Нәлібаев.
Бұған дейін әлеуметтік желіде Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бар видео жарияланып, түсініспеушілік тудырған болатын. Кадрда әкім тұрғындарға кілт табыс ету рәсіміне қатысып жатыр. Сахнаға пәтер иесі шыққанда Нұрлыбек Нәлібаев кілтті басқа біреудің тапсыруын нұсқайды. Осыдан кейін әкімнің өзі кілтті табыстап, асығыс шетке тұрады.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік