30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҚызылорда қаласында оқыстан шыққан өрт бірнеше жеке тұрғын үйдің ауласына тарап, соның салдарынан мал қорада тұрған сегіз сиыр от құшағында қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі
Өрт 14 шілдеде сағат 16.00 шамасында болғаны анықталды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментіне А.Пушкин көшесіндегі тұрғын үйдің бірі жанып жатыр деген хабарлама келіп түскені айтылды.
Оқиға орнына департаменттен 1 техника мен 5 қызметкер барды. Өрт сол көшеде тұрған бірнеше үйдің сарай, төбе жабыны, мал қора және Т. Жүргенов көшесіндегі шатырының ағашын шарпыған. Жедел әрекет ету барысында өрт ошағынан 3 дана 50 литрлік, 1 дана 27 литрлік газ баллоны сыртқа шығарылды. Өрт сағат 16.49 -да оқшауланып, сағат 17.46-да сөндірілді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Қызыл жалын салдарынан тұрғын үйлердің біріндегі мал қорада тұрған 8 сиыр, 3 тауық, 1 ит өртеніп кетті, - деді облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Айгүл Нұрманова.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды