Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Қызылорда облысында рейстегі автобустың қатысуымен болған жол апаты салдарынан 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
14 шілдеде Қызылорда қаласы Баймұрат ауылының тұсында Шымкент-Самара тасжолында автобус пен жеңіл автокөлік соқтығысқан. Автобус Қызылорда - Қазалы бағытында қатынаған.
Жол - көлік оқиғасы салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болып, автобустың бір жолаушысы медициналық мекемеде көз жұмды. Автобус жүргізушісі мен 3 жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды, олардың біріне алғашқы медициналық көмек көрсетілді.
ЖКО дерегі бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары