12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікҚызылорда облысында мал бағуға шығып, жоғалып кеткен ауыл тұрғыны аман-есен табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қызылорда облысы Шиелі ауданының 32 жастағы тұрғыны мал бағуға шығып, үйіне қайта оралмағаны жөнінде "102" арнасына хабарлама түседі. Шиелі ауданы полиция бөлімінің жеке құрамы дереу іздестіру жұмыстарын бастады. Полицейлер, Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері мен ауыл тұрғындарынан арнайы топ құрылып, іздестіру жұмыстары үздіксіз жүргізілді. Ауданның барлық ауылдары, далалық жолдар түгел қамтылды.
Іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері жоғалған азаматты тау етегіндегі жайылымнан аман- есен тапты. Ол мал бағуға мотоциклімен шығып, жолда жанар-жағар майы таусылып, телефоны сөніп, адасып кеткен. Іздестіру шараларына қатысқан барлық қызметкерлердің жедел әрі тиімді әрекеттері нәтижесінде жоғалған адам аман-есен табылып, отбасымен қауышты. Азаматтың жұбайы полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер