Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚызылорда облысы бойынша 6 тамызда 3 ауылдық округте әкім сайлауы өтуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Еліміздің Сайлау туралы конституциялық Заңы бойынша өңірдің Қазалы, Қармақшы, Жаңақорған аудандарында ауылдық округ әкімдерін сайлау өткізіліп жатыр.
Жергілікті тұрғындар Қазалының Шәкен, Қармақшының Алдашбай ахун, Жаңақорғанның Қыркеңсе ауылдық округтерінің әкімі атанудан үмітті кандидаттарға дауыс беріп, өз таңдауын жасап жатқаны айтылды.
Облыс бойынша ауыл әкімі қызметіне 10 азамат үміткер ретінде құжат тапсырған. Оның екеуі партия атынан түссе, 8-і өзін-өзі ұсыну тәртібімен саяси додада бақ сынауға ниетті.
2023 жыл басынан бері Қызылорда облысында 13 ауылдың әкімі сайланған болатын. Енді алдағы 4 айда тағы 9 ауыл тұрғыны әкімдерін сайламақ. Бұдан бөлек, мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы бойынша, Қызылорда облысында 2 ауданның әкімі сайланатын болады.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді