Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасымен облыс әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай Қармақшы ауданында бірқатар әлеуметтік нысанның ашылуына қатысты, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.
№284 мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының жанынан салынған спорт зал мен «Қуаңдария» ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункттің салтанатты ашылу рәсімінде облыс әкімінің орынбасары жиналған қауымды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, өңірдегі жетістіктер туралы баяндады.
Мереке қарсаңында әлеуметтік нысандардың ашылуы - жыл бойы атқарылған жұмыстың жемісі. Биыл облыстың денсаулық сақтау саласына 146 млрд 200 млн теңге бөлінді. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 27 медициналық нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Өткен жылы 16 дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді, ал қалған 11 нысанның құрылысы аяқталуда, - деді Қайрат Нұртай.
Оның айтуынша, білім саласына бөлінген қаржы 264 млрд теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 9,3 пайызға артқан. «Білімді қолдау қорының» қаржысына Қызылорда қаласында физика-математика мектеп-интернаты, 10 млрд 900 млн теңгеге «Инновациялық-шығармашылық орталығы», «Саутс Ойл» компаниясының демеушілігімен 4 млрд 800 млн теңгеге музыкалық колледждің жаңа ғимараты салынуда.
Қазан айында ел Президентінің бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 900 орындық мектеп пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта өңірде 6 000 орынға арналған 9 мектептің құрылысы жалғасуда.
Жаңа спорт залда ойын залы, мұғалімдерге, ұл-қыздарға арналған бөлек бөлмелер, жуыну бөлмелері, спорттық құрал-жабдықтарға арналған қойма қарастырылған.
Маусым айында құрылысы басталған нысан тұрғындарға медициналық қызмет көрсетуге арналған арнайы кабинеттермен жабдықталған. Бұл нысандардың ашылуы өңір халқының өмір сапасын арттыруға бағытталған жұмыстардың айқын көрсеткіші болып отыр.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары