Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіКешенді тексеру барысында мамандар 150-ге жуық сотталған азаматтарды қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Шаймерден Есенкелдиевтің бастамасымен ҚАЖД №60 мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтардың денсаулық жағдайы бойынша шешімін таппай жатқан сауалдарға жауап беру мақсатында Қызылорда қалалық №3 емхана бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Л.Ахмет пен дәрігерлердің қатысуымен кешенді тексеріс жұмыстары жүргізілді.
Біздің мақсатымыз – сотталғандардың денсаулық жағдайын, олардың жай-күйін бақылап, мазалап жүрген сауалдарына жауап беру, – деді Қызылорда қалалық №3 емхананың бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Л.Ахмет.
ҚАЖД-ның бастығы сотталғандардың денсаулығына қажеттілікті мекеме тарапынан талап ету жазасын өтеуші азаматтардың ажырамас құқығы екенін атап өтті. Кешенді тексеру барысында мамандар 150-ге жуық сотталган азаматтарды қабылдап, 20-ға жуық сотталғанды денсаулық жағдайына байлынысты портал кезегіне қойды.
Сонымен қатар жылжымалы кешеннің көмегімен ультрадыбыстық зерттеу жүргізіліп, 20-дан астам сотталғанды тексеруден өткізіп, тиісті медициналық ем ұсынды.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады