Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚызылорда облысының Қармақшы ауданының Төретам кентіндегі №85 мектепте «Жас құтқарушылар кадет сыныбының» ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, мұндағы мақсат оқушыларды Отанды сүюге тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін нығайту, ойлау және іскерлік қабілеттерін қалыптастыруға бағытталып отыр.
Кадет сыныбын Қармақшы ауданы білім бөлімінің басшысы Гүлзира Абдазиева мен Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Өмірбек Сақтабаев ашып, оқушыларға Жас құтқарушылар куәлігін табыстады.
Кадет сыныптарының негізгі бағыты: оқушыларды жан-жақты дамыту, оларға сапалы білім мен үлгілі тәрбие беру, оларды азаматтық және әскери қызметке дайындау, білім беру мен мәдениетті арттырудың озық үлгілерін жаңғырту. Егер болашақта олар осы мамандықты таңдаған болса, онда аталмыш сыныпта алған теориялық білімдері оларға пайдалы болары сөзсіз. Ал, күнделікті тұрмыста және қоғам өмірінде кез-келген адамның қауіпсіздік қағидасын білуі және құтқарудың әдіс-тәсілдерін меңгере білуі құба-құп.
Бүгінгі таңда облыс бойынша бес кадет сыныбы ашылған. Қазір осы бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары