23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Қызылорда облысында боранды күні жоғалған бақташы табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қызылорда облысының полицейлері шаруа қожалығының жоғалып кеткен бақташысын іздеп тапты. 7 қаңтар күні түнгі уақытта Қызылорда облысы ПД Жалағаш ауданы полиция бөліміне 64 жастағы бақташының жоғалғандығы туралы хабар түсті. Таңғы уақытта мал бағуға шыққан бақташы қайта оралмаған. Бақташы Жалағаш ауданы Жаңадария ауылынан батысқа қарай шамамен 20 шақырым жерде Құмжарған деп аталатын жер учаскесінде орналасқан мекемеге тиесілі мал шаруашылық фазендасында мал баққан. Жайылымдық жерден уақытында оралмаған бақташыны қожалықтың басқа қызметкерлері өз күшімен іздеген. Алайда нәтиже болмағандықтан полицияға жүгінуге тура келген.
Аталған дерек Жалағаш аудандық полиция бөліміне тіркеліп, адам жоғалу дерегі бойынша қажетті шаралар жүргізілді. Полицейлер, төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері, ауыл тұрғындары мен еріктілерден арнайы топ құрылып, жоғалған бақташыны іздестіру жұмыстары жүргізілді. Ауданның барлық ауылы, далалық жолдар түгел қамтылды. Іздестіру жұмыстары сәтті аяқталды. Жоғалған бақташы түнгі 02:00 шамасында аман-есен табылды. Қожалық иесі полиция бөлімі мен аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне әлеуметтік желілер арқылы өз алғыстарын білдірді.
Полиция қызметкерлері аймақ тұрғындарынан дауылды ескерту жарияланған уақытта алыс сапарға шықпауларын сұрайды. Шаруа қожалықтарының жұмысшылары қыстаулар мен жайылымдардан алыс кетпеуге тырысуы қажет.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік