Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚызылорда облысында 53 киікті атып алған браконьерлер қолға түсті, деп хабарлайды El.kz.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Оның барысында жойылып кету қаупі төніп тұрған киік жануарын заңсыз атып, оның мүйізі мен етін тасымалдап, сақтап, өткізген 3 тұрғын ұсталды.
«Олардың тұрғылықты мекенжайын тексеру барысында жол талғамайтын екі автокөлік, 53 киік аңының тушасы, 12 мүйіз, 12 калибрлі тіркелмеген аңшы мылтығы мен пышақтар айғақзат ретінде тәркіленді», - деді Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.
Ведомство мәліметінше, аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы 3-бөлігінің 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Үш күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, барлық қажетті сараптамалар тағайындалды.
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі