6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерБұланды аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторларымен Журавлев ауылдық округінің аумағында рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде 67 жастағы жергілікті тұрғынның мотоцикл арбасынан екі кликун – аққудың ұшасы және 12 калибрлі «ТОЗ 34» тегіс ұңғылы аңшылық мылтық табылды, деп хабарлайды El.kz.
Қылмыс 29 қазанда «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы барысында анықталды. Айта кету керек, қару ІІО-да тіркелген, сонымен қатар ауыл тұрғынының тиісті аңшы куәлігі бар.
Ақмолалықтың айтуынша, Қызыл кітапқа енгізілген аққуларды атуға тыйым салынғанын ол білген, алайда құстарды көргеннен кейін оларды атып өлтірген.
Бұл факт ҚР ҚК-нің 337-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді (Заңсыз аң аулау). Қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер аймақта суда жүзетін құстарды аулауға тыйым салынғанын ескертеді.
Кликун – аққу саны азайып бара жатқан түр ретінде Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі