6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерШу тұрғыны Қызыл кітапқа енген қарақұйрықтарды атып өлтірген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында осы ауданның Шоқпар ауылына қарасты Бел станциясы маңында құрып кету қаупі бар сирек кездесетін жануарларды атқан азаматтарды ұстады.
49, 50 және 61 жастағы жергілікті үш тұрғын Қызыл кітапқа енгізілген, аулауға тыйым салынған қарақұйрықтарды атыс қаруымен атқан. Олардың Mitsubishi Pajero автокөлігін тінту кезінде үш бірлік аңшы қаруы, 70 оқ және көліктің жүксалғышынан бес қарақұйрықтың денесі, жарық шамы табылды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 337-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сот сараптамалары тағайындалды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі