Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыҚазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің мыңнан астам 4 курс студенті 27-қарашадан бастап Алматы қаласы мен Алматы облысының білім беру ұйымдарында сабақ бере бастайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оларды осы сәтке дайындауға университет оқытушылары біліктілікті арттыру орталығымен бірлесіп арнайы тәжірибелік курсты бастап кетті. 72 сағаттан тұратын курста жас ұстаздар балалармен қалай тіл табысу керек, оларға сабақты қалай өту керек, сондай-ақ сөйлеу мәнері мен киім үлгісіне дейін жетекшілерінен тәлім алады.
Жас ұстаздар балабақша, SOS мектеп пен орта мектептер, лицей, гимназия, колледждерде 12 апта, яғни 30-наурызға дейін сабақ беретін болады. Сондай-ақ жас мамандар ғылыми зерттеу институттары мен аудандық мәдениет және оқушылар үйлерінде де тәжірибеден өтетін болады.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар