12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАстана қаласының туристік полициясында қызмет атқарған екі қызметкер қызметтік әдеп талаптарын өрескел бұзғаны үшін ішкі істер органдарынан шығарылды, деп хабарлайды Еl.kz интернет порталы.
Астана қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, қызметтік тексеру барысында екі қызметкердің жұмыс уақытында полицейлерге қойылатын мінез-құлық нормаларына қайшы әрекетке барғаны анықталған.
Ведомство өкілдері полицейлер қандай жағдайда да кәсіби арақашықтықты сақтап, қызметтік әдеп пен белгіленген мінез-құлық мәдениетін ұстануы қажет екенін атап өтті.
Қызметтік міндеттерін атқару кезінде және нысанды киімде мұндай әрекетке жол берілмейді. Полиция қызметкері кез келген жағдайда кәсіби арақашықтықты және белгіленген мінез-құлық мәдениетін сақтауға міндетті, - деп мәлімдеді Астана қаласы ПД.
Қызметтік тексеру қорытындысы бойынша екі қызметкер де ішкі істер органдарынан шығарылды.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер