12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікБүгін Жезқазғанда дәстүрлі марафон өтті. Биылғы додаға 650 азамат қатысып, жарыс тарихындағы рекордтық көрсеткіш тіркелді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жарысты “Kazakhmys Smelting” компаниясы ұйымдастырды. Марафонға Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев арнайы келіп, қатысушыларға қолдау көрсетті.
Жарыс үш қашықтықта ұйымдастырылды:
• 1 км – мүмкіндігі шектеулі жандарға;
• 5 км – әуесқойларға;
• 10 км – кәсіби спортшыларға арналды.
Ең тартысты бәсеке 10 шақырымда өрбіді. Өзінің жас санаты бойынша Ұлытау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Бахтияр Смағұлов мәреге екінші келіп, күміс жүлдені иеленді.
Смағұлов – бұған дейін де республикалық және халықаралық марафондарға қатысып жүрген тәжірибелі спортшы. Ол велоспортпен, грек-рим күресімен және суға жүзумен тұрақты түрде айналысады. Оның айтуынша, спорт – тек салауатты өмір салты ғана емес, полиция қызметінде аса қажет табандылық пен тәртіптің негізі.
Спорт маған тәртіп пен төзімділік сыйлайды. Бұл қасиеттер полиция қызметінде өте маңызды, – деді ол.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер