23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіЖамбылдықтар Қордай ауданында республикалық маңызы бар тасжолда қызметтік міндетін атқару кезінде жол апаты салдарынан қаза болған полиция аға лейтенанты Абай Үшкемпірді соңғы сапарға шығарып салды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ІІМ мәліметінше, жаназаға марқұмның отбасы, ағайын-туыстарымен қатар Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаев, Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров, бірге қызметте болған әріптестері мен достары қатысты.
Абай Үшкемпір қайтыс болғаннан кейін ҚР ІІМ-нің «Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды. Қоштасу жиынында медаль марқұмның ата-анасына табысталды. Сондай-ақ ҚР ішкі істер министрі Ержан Саденовтің, Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің қазаға байланысты көңіл хаттары оқылып, қайғыға ортақ екендігі және марқұмның отбасына мемлекет тарапынан әрдайым қолдау жасалатыны жеткізілді.
Әріптесіміздің қызмет барысында кенеттен қаза болуына қабырғамызды қайыстырды. Жас болса да, өңірдегі қауіпсіздікті сақтау, қоғамдық тәртіпті қадағалауда өлшеусіз өз үлесін қоса білген азаматтың әлі де халыққа берер пайдасы мол еді. Артында қалған отбасы, кішкентай қызына әрқашан қолдау жасап, қамқор боламыз. Батырдың жарқын бейнесі мен абыройлы есімі әрдайым жадымызда сақталады, — деп Б.Малыбаев қаза болған әріптестерінің жақындарын сабырға шақырып, көңіл білдірді.
Полиция қызметкерінің жаназасы өз туған жері — Айша бибі ауылында өткізілді.
Айта кетейік, қайғылы оқиға 11 ақпанда сағат 19:40-та Алматы-Ташкент тасжолының 203-шақырымында болған. Volkswagen Passat маркалы көліктің жүргізушісі қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығып, бекітілген аумақта жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген патрульдік көлікпен соқтығысқан. Оқиға салдарынан Жамбыл облысы ПД патрульдік полиция батальонының аға инспекторы Үшкемпір Абай Бақытбекұлы 12 ақпанда аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады