Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан Алматы облысы полиция департаменті патрульдік полиция батальонының инспекторы Шалқар Байжомартов «Айбын» ІІІ дәрежелі орденімен марапатталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекеттік награданы марқұмның әкесіне ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков Алматы облысы полиция департаментіне жұмыс сапары барысында табыстады. Ол отбасына көңіл айтып, аға лейтенант Байжомартовтың ерлігі мен қызметіне адалдығын атап өтті.
Ішкі істер органдарының қызметкерлері қылмысқа қарсы күресте және тәртіпті қамтамасыз етуде әрдайым алдыңғы қатарда. Шалқар Байжомартов өз өмірін құрбан ете отырып, Отанына адал қызмет еткенін дәлелдеді, – деді Айдар Сайтбеков.
Қайғылы оқиға 2024 жылдың 20 желтоқсанында болды. Жол-көлік оқиғасын тіркеу кезінде көліктердің бірі тізгінге ие бола алмай, полицейді қызметтік көлікке қысып, оның өліміне себеп болды.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары