Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекТүркістанда қызметтік міндетін атқару кезінде полиция қызметкері қаза тапты. Осыған байланысты Ішкі істер министрі Ержан Сәденов марқұмның жақындарына көңіл айтып, мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.
Түркістандағы қайғылы оқиға
Түркістан қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының аға инспекторы Бауыржан Қонысбеков қызметтік міндетін орындау кезінде көз жұмды. Ішкі істер министрі Ержан Сәденов бұл оқиғаға байланысты марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, ІІМ отбасыға қажетті қолдаудың бәрін көрсететінін жеткізді.
Қазақстанда құқық қорғау органдары, арнаулы мемлекеттік органдар, азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен келісімшарт бойынша әскери қызмет өткерген әскери қызметшілер қызмет бабында қаза тапқан жағдайда олардың отбасы мемлекет қорғауына алынады.
Әрбір отбасы мүшесіне төлем қарастырылған
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан қызметкердің жұбайына өмір бойы ай сайынғы төлем тағайындалады. Алайда бұл төлем жұбайы қайта некеге тұрған жағдайда тоқтатылады.
Үкіметтің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы №1048 қаулысына сәйкес, қаза тапқан қызметкердің әрбір отбасы мүшесіне ай сайын ақшалай төлем беріледі.
Төлем мөлшері – марқұмның соңғы атқарған лауазымы бойынша алған жалақысының 40 пайызы.
Бұл әлеуметтік кепілдік мына санаттағы азаматтардың отбасына қолданылады:
Әлеуметтік кепілдіктің мақсаты қандай?
Бұл төлемдер қызметтік міндетін орындау кезінде қаза тапқан азаматтардың отбасын әлеуметтік жағынан қорғауға бағытталған. Мемлекет осылайша асыраушысынан айырылған отбасының қаржылық тұрақтылығын сақтауға және олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуге тырысады.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?