Бүгiн, 17:35
Әйелді ерте қартайтатын төрт гормон: олардың ағзаға әсері қандай?Жақында Димаш Құдайберген қазақтың халық әні «Ақ еркемді» жаңаша өңдеп, бейнебаян ұсынды. Ән тыңдарманның ықыласына бөленгенімен, ондағы «шыбыным» сөзі әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Көпшілік бұл сөздің астарлы мағынасына қызығушылық танытып, оның нені білдіретінін сұрай бастады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
«Шыбыным» сөзі нені білдіреді?
Әлеуметтік желіге Ақерке Әбілхан есімді қолданушы бұл сөзге қатысты әзіл-шыны аралас пікір қалдырды.
Ақерке деген ән шықты деп мәзбін, бұрын неге Нұрикамал болып тумадым деуші едім. Бірақ «шыбыным» деген қалай болар екен, – деп жазды ол.
Осы пікірден кейін мәдениеттанушы, жазушы Зира Наурызбай халық әніндегі бұл сөздің мәнін түсіндіріп, оның көне дүниетаныммен байланысты екенін айтты.
«Шыбыным, шыбыным» деп қызды еркелете ме? Димаш жаңғыртқан халық әнінде «шыбыным, шыбыным, шашбаулым» деген сөздер бар. «Шашбаулым» түсінікті. Ал «шыбыным» сөзінің мағынасы терең. Жалпы бұл ән ерлік заманының әні. Өйткені кіші жүз ауыз әдебиетінде талай-талай «Сағыз қайда? Жем қайда?» деп айтады. Бәрі де Батыс Қазақстандағы өзендер, – дейді мәдениеттанушы желідегі парақшасында.
Оның айтуынша, Ресей патшасы сол жерге бекініс салғанда, қазақтар талай рет көтеріліске шыққан. Бұл – сондай заманның әні. «Шыбын жан», «шыбын жаны көзіне көрінді», «шыбын жаны шыға жаздады» сияқты сөз тіркестері бар. Бұл жерде «шыбын» деген – «жаным» деген сөз.
Мысалы, балаларды еркелеткенде де солай айтады. Шыбын – кішкентай, ұшып жүрген жәндік. Жанды да сондай салмағы жоқ, кішкентай, ұшып кететін нәрсе деп елестеткен. «Шыбын жаны шықса, адам өледі» деген сөз бар. Сонымен қатар, оның айтуынша, адам қайтыс болғаннан кейін жаны 40 күнге дейін үйдің ішінде ұшып жүреді деген түсінік болған. Адам ұйықтағанда да оның шыбын жаны жан-жақта ұшып жүреді, сол себепті түс көреді деген ұғым бар. Жанды шыбын не құс түрінде елестету, «құт», «тын» деген сөздер – көнеден қалған ұғымдар. Бұл – түркілердің ежелден келе жатқан тоғыз жан туралы түсінігінің бір парасы, – дейді Зира Наурызбай.
Көне танымдағы «шыбын жан»
Қазақ тілінде «шыбын жан», «шыбын жаны шықты», «шыбын жаны көзіне көрінді» сияқты тұрақты тіркестер ертеден қолданылады. Бұл тіркестердегі «шыбын» жәндікті емес, адамның жанын білдіретін бейнелі ұғым ретінде қабылданған. Көне түркілік дүниетанымда жанның денеден уақытша бөлініп, құс немесе шыбын бейнесінде елестетілетіні туралы сенім болған. Сондықтан «шыбыным» сөзі халық әнінде сүйікті адамға айтылатын «жаным», «өмірім» деген еркелету мағынасында қолданылған.
Желі қолданушылары не дейді?
Әлеуметтік желіде бұл тақырыпқа қатысты түрлі пікірлер айтылды.
Университетте ұстазымыз: «Ұйықтап жатқан адамның қасында шыбынды да өлтірмейді» дейтін. Өйткені адам ұйықтағанда жаны шыбын болып ұшып кетеді-мыс, – дейді оқырман.
Ал тағы бір қолданушы халық әнінің тарихи мәніне назар аудару керектігін жазды.
Бұл халық әні ғой ежелден келе жатқан. Димаш орындаушы. Оған килікпей, әннің шығу тарихын іздеу керек шығар. Мүмкін қыздың аты шығар кім біледі? – деп жазды Тұрсынхан Бектұрғанқызы.
Бүгiн, 17:35
Әйелді ерте қартайтатын төрт гормон: олардың ағзаға әсері қандай?Бүгiн, 12:33
Grand Prix: Ғұсман Қырғызбаев пен Хифуми Абе финалда күреседіКеше, 17:11
«Мәңгілік жасайтын өлең – шындықпен жазылған өлең»: ел сүйген «Бала Жамбыл» қайда жүр?23 Маусым, 16:14
Жазда шаш үлгісіне сән беретін ерекше әшекейлер