6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерТалдықорғанда полиция басқармасының бұрынғы бастығы Марат Күштібаевқа қатысты сот отырысы кейінге қалдырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Cот отырысы барысында күдіктінің денсаулығы сыр беріп, ауруханаға жеткізілген.
Қазіргі уақытта сотталушы кардиологиялық орталықта дәрігерлердің бақылауында. Осыған байланысты, сот отырысы кейінге қалдырылды, – деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.
Бұған дейін Талдықорғанда қыз зорлады деген күдікке ілінген Талдықорған қалалық ІІБ бастығы Марат Күштібаевқа қатысты сот басталғанын жазған едік.
Сот отырысы жабық режимде өтіп жатыр. Қаланың бас сақшысы 27 жастағы қызды өз кабинетінде зорлады деген күдікке ілінді. Дүйім жұртты дүр сілкіндірген оқиға қоғамның наразылығын тудырған еді.
Еске салайық, Талдықорған қаласының мамандандырылған тергеу сотының 2023 жылғы 14 қарашадағы шешімімен күдікті К.-ға қатысты 2 ай мерзімге «қамау» бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхатты сот шешімі қанағаттандырған» еді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі