«Қыз Жібек» фильмнің костюмы «Қазақ фильм» музейіне беріледі. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов мәлімдеме жасады.
Қыз Жібектің қамзолы қазақстандықтар үшін, қазақ киносы үшін киелі. Қазір біз тергеу жүргізіп жатырмыз. Қамзолдан бөлек толық образы жиналғаннан кейін, Меруерт Өтекешова «Қазақ фильм» музейіне тапсыратын болды, - деді Кочетов.
Вице-министр әріптестерінің атақты актриса Меруерт Өтекешовамен байланысқа шыққанын, камзолдан басқа да дүниелер жинақталып, музейге тапсырылатынын айтты.
Оның айтуынша, осыған ұқсас жағдай қайталанбауы үшін үшін министрлік костюмдерді цифрландыруды қолға алған.
Жібек фильмде неше көйлек киді?
1970 жылы түсірілген аңызға айналған «Қыз Жібек» фильмінде бас кейіпкер Жібек сценарий бойынша 10 түрлі ұлттық киім ауыстыруы керек болған. Алайда, көрермендер арасында оның мен әлеуметтік оның 4 түрлі негізгі костюм-образы көбірек танымал болды. Фильмдегі Жібектің киімдерін атақты суретші әрі шебер Гүлфайрус Ысмайылова өзі тіккен.
Қазақфильмнің дерегі бойынша, «Қыз Жібек» фильміне арнап «Сувенир» фабрикасы жүздеген әшекей жасайды. Күмістен, темірден жасалған бұйымдар – нағыз қолөнер туындысы. Гүлфайрус Ысмайылова бастаған топ мыңдаған моншақты қолмен тігеді. Фильмге арналған реквизит заттар сатып алу үшін қосымша 10 мың сом бөлінеді.
Камзолдың неше түпнұсқасы бар?
Осы сұрақ көпті ойландыратыны рас. Бұған Мәдениет және ақпарат министрлігі толық жауап берді.
«Қазақфильм» киностудиясының музей қорында «Қыз Жібек» фильмінде пайдаланылған бір камзолдың түпнұсқасы сақтаулы. Бұл жәдігер ұлттық кино өнерінің маңызды мәдени мұрасы ретінде қорғалған., — делінген министрлік хабарламасында.
Естеріңізде болса, продюсер Баян Алагөзова «Қыз Жібек» фильміндегі камзолды сыйға алғанын айтып, қоғамда резонанс жасады. Әлеуметтік желідегі оқырмандар мұның музейде тұратын зат екенін айтып, дабыл қақты. Артынша Меруерт Өтекешова камзолдың түпнұсқа екенін растады.