30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыQazaq Creative экожүйесіндегі Mura мәдени кеңістігі қазақ қыздарының әшекейлеріне сән шолу жасап, тарихына тоқталды. Қазақ қызының көркі – әшекейінде ғана емес, сол әшекейге сыйған тарихында екенін көрсеткен орталықтың жазбасы әлеуметтік желіде жылдам таралып кетті.
Құдағи жүзік
Құдағи жүзігі – құдағилардың бір-біріне беретін жүзігі. Екі отбасының құда болғанын, енді олардың бір-біріне туыс екенін білдіретін жүзік.
Шолпы
Шолпы шаштың ұшына, ал шашбау бұрымның түбіне тағылып, шашпен бірге өрілген. Әшекейлердің салмағы шашты ауырлатып, қыз баланың жас кезінен арқасын тік ұстап, сымбатты әрі сәнді жүруіне ықпал еткен.
Шолпының сыңғыры да өзіндік белгі болған. Үйге қыз бала кіріп келе жатқанын әшекейдің сыңғырынан-ақ сезген үлкендер сол сәтте өздерін реттеп, жинақталып отырған.
Құстұмсық жүзік
Құстұмсық – қыздар тағатын сақинаның бір түрі. Оның рәміздік мәні «құстай ерікті, өз еркі өзінде», яғни қыздың бойдақ екенін білдірген.
Қыз тұрмысқа шыққаннан кейін төркіні Құстұмсықты киімдерінің арасына қосып жіберетін болған. Қыздың інілері мен сіңлілері жағдайын білуге келгенде, ол жүзікті төркініне қайтарса, бұл оның барған жерінде жағдайы жақсы екенін білдірген.
Сырға
Қазақ әйелдеріне арналған. көркемдік бұйымның тағы бір түрі – сырға. Сырғаны көбінесе бойжеткен қыздар құлаққа тағады. Сондықтан ырғалар әсем де жеңіл жасалады. Сырғаның ай, айшықты, тұмар, қозалы, салпыншақты, тас алтын, күмісті, қоңыраулы, күмбезді және тағы басқа түрлері болған.
Білезік
Білезікті қыз-келіншектер де, орта жастағы әйелдер мен үлкендер де білегіне салады. Тіпті қыз бала 3-4 жасқа толғанда-ақ ата-анасы бойын түзеп, сән-салтанатта өссін деп білезіктер соқтырған.
Білезіктердің үлкен-кішілігі, ауыр-жеңілдігі, жасалу материалы, түрі әркімнің өз қалауынша болады. Білезік сәукеле сияқты қыз жасауының құрамына енген.
Бес білезік
Білезікке үш-төрт сақина тізбектермен бекітілген. Сұқ саусақтағысы – нағашы жұрты, ортаңғысы – төркіні, ал үшіншісі – өз жұрты деген мағынаны білдіреді.
Осы үш жұрт бірігіп келіп, ортаңғы тұста отау құрылады. осындай отаудан кейін отаның (білезігі) құрылады.
Өңіржиекті
Өңіржиекті мереке күндері қыздар мойын-омырауына сәндікке таққан. Өңіржиектің әрбір бөлшегі терең мағынаға ие. Оның жан-жағындағы көп салпыншақтар ұрпақтың өсіп-өркендеуі, оның жалғастырушы әйел адамның рөлі, өсімдіктектес өрнектің барлығы қанат жаю, өмірдің жалғасын, жаймашуақ күндерді, көбеюді білдіреді.
Белбеу
белбеуді ерлер де, әйелдер мен бойжеткендер де, жас балалар да тағады. Дәстүрлі ортада 13 жасқа толған балаға жақсы-жаманды айыратын жасқа толды, тіршілік қамына араласатын кезеңі келді, беліңді бекем бу деген ұғымды білдірсе керек.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды