Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыСыртқы істер министрлігі еліміз бен Қытай арасында визасыз режим орнатуға қатысты іске асырылып жатқан жұмыстар жөнінде түсінік берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Қазақпаратқа сілтеме жасап.
Оқи отырыңыз:
Қазіргі кезде Қытай тарапынан мемлекетішілік рәсімдердің аяқталғаны туралы хабарлама түскен жоқ. Өз кезегінде Қазақстан жағы қазіргі уақытта еліміздегі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп мемлекетішілік рәсімдерді жүргізіп жатыр. Өзара визасыз режимнің күшіне енуі туралы ақпарат қазақстандық БАҚ-та ресми түрде жарияланады және еліміздің Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылады, - деді Қазақстан Сыртқы істер министрлігі.
Атап айтқанда, Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара визасыз режим туралы Келісімнің 11-ші бабында визаның күшіне ену талаптары ескерілген. Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады және уағдаласушы тараптардың оның күшіне енуі үшін қажет мемлекетшілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы хабарламаны дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары