Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚытайдағы Қазақстан туризмі жылы аясында елімізге әлеуметтік желіде миллиондаған аудиториясы бар танымал қытайлық блогерлер келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Kazakh Tourism ұлттық компаниясы 28 мамыр – 1 маусым аралығында Aq niet Group және өзге де серіктестермен бірге Қазақстанға арнайы келген меймандарға Алматы және Астана қалаларында, сондай-ақ Іле-Алатауы, Шарын және Бурабай ұлттық парктеріне ақпараттық тур ұйымдастырды.
Шетелдік қонақтардың қатарында Ni leichu, Qin Mingxi, ChenHuixian, Xu Jia, XueRui секілді атақты блогерлер бар. Олардың жалпы аудиториясы 20 миллионға жуықтайды.
Айта кетейік, блогерлер Aq niet Group, Esentai Mall, Алматы, Астана қалалары мен Ақмола облысы әкімдіктерінің қолдауымен елордадағы Sandyq қазақ тағамдары мейрамханасының ашылу салтанатына қатысты.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?