1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіҚазақстан мен Қытай арасындағы әуе рейстерінің саны артады. Рейстердің артуы екі ел арасындағы 3 айға визасыз режимнің енгізілуіне байланысты. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе рейстерінің санын арттыруды жоспарлап отырмыз. Бұл жоба жақын арада іске асырылады. Атап өткеніміздей, Астана-Сиань бағыты қосылады, жыл басында бұрыннан келе жатқан Бейжің, Үрімші бағыттары қайта ашылды, - деді ол.
Айтуынша, екі ел арасындағы рейстерді арттыру еліміздің экономикасы үшін тиімді және транзиттік қызметтің артуына ықпал етеді.
Пандемияның алдында Қытайда сыртқы туризм деңгейі 110 млн адам болған. Оның 10 пайызы Қазақстан арқылы жүрген, яғни 11 млн адам. Осы орайда Еуропадан Қытайға қатынайтын жолаушылардың 10 пайызын біздің еліміз қамтыса, транзиттік қызмет өсетіні белгілі. Сондықтан бұл істі барынша дамыту керек, - деп түсіндірді Азаматтық авиация комитетінің төрағасы.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?