13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз15 қыркүйектен бастап Қытайда елге кіру және одан шығу тәртібіне қатысты жаңа ережелер күшіне енді. Өзгерістер шетел азаматтарының құжаттарын тексеру рәсіміне де қатысты. Осыған байланысты Қытайға баратын қазақстандықтарға сапар алдында құжаттарын мұқият тексеріп, әуежайға ертерек келу ұсынылды.
Жаңа тәртіпке сәйкес, иммиграциялық бақылау кезінде құжаттарды тексеру бұрынғыдан көбірек уақыт алуы мүмкін. Сондықтан жолаушыларға қажетті құжаттарды алдын ала дайындап, олардың жарамдылық мерзімін тексеру маңызды.
FlyArystan әуе компаниясы Қытайға сапар шегетін немесе елден ұшып шығатын жолаушыларға паспорт пен сапарға қажетті басқа да құжаттардың бар-жоғын және жарамдылығын алдын ала тексеруге кеңес берді. Сондай-ақ Қытайға кіру және елден шығудың өзекті талаптарымен танысып алған жөн.
Әуе компаниясының мәліметінше, жолаушылар әуежайға ұшуға кемінде 3 сағат қалғанда келгені дұрыс. Бұл паспорттық және иммиграциялық бақылаудан өту кезінде қосымша уақыттың болуын қамтамасыз етеді.
Қытайға 5 жылға дейін кімдер кіре алмайды?
Жаңа ережелердегі маңызды өзгерістердің бірі – шетел азаматтарына қатысты жауапкершіліктің күшеюі.
Қытайдың жаңартылған «Кіру және шығуды басқару туралы ережесіне» сәйкес, виза рәсімдеу кезінде немесе шекаралық бақылаудан өту барысында шынайы емес ақпарат ұсынған шетел азаматтарына Қытайға кіруге 1 жылдан 5 жылға дейін тыйым салынуы мүмкін. Яғни бұл талап барлық қазақстандықтарға қатысты емес.
Қытайға заң талаптарын сақтап, қажетті құжаттарымен баратын азаматтарға автоматты түрде бес жылдық тыйым салынбайды. Шектеу жалған немесе дұрыс емес мәлімет ұсынған шетел азаматтарына қолданылуы мүмкін.
Жаңартылған ереже Қытай Мемлекеттік кеңесінде 2026 жылғы 31 шілдеде қабылданған. Қытай билігінің мәліметінше, өзгерістер иммиграциялық бақылауды реттеуге, азаматтардың құқықтарын қорғауға және ұлттық қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған.
Қазақстандықтарға виза қажет пе?
Жаңа ережелер енгізілгенімен, Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим өзгерген жоқ. Қазақстан азаматтары Қытайға бір сапар барысында 30 күнге дейін визасыз бола алады.
Сондықтан Қытайға сапар жоспарлаған қазақстандықтарға бастысы – паспорт пен басқа да қажетті құжаттардың жарамдылығын алдын ала тексеріп, шекаралық бақылау кезінде барлық мәліметті дұрыс көрсету және әуежайға ертерек бару.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды