Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ интернет-дүкендерден сатып алынған тауарларды апта сайын тасымалдайтын транзиттік пойыз іске қосылғанын хабарлады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Интернет арқылы сатып алынған тауарлары бар тұрақты транзиттік шаттл-пойыз Үрімші (ҚХР) бағыты бойынша Алашаңқай – Достық шекаралық өткелі арқылы Ресей бағытында, сондай-ақ Өзбекстан мен Тәжікстанға қатынайтын болады. Тасымалдау ұйымдастырушысы – KTZ Express "Atasu Logistics" ЖШС. Жүкті межелі станцияға жеткізу мерзімі 7-10 күнді құрайды. Тұрақты қызмет көрсету жиілігі – апта сайын. Болашақта тасымалдау көлемі ұлғайса, шаттлдарды жөнелту жиілігі де ұлғаяды, деп жазылған ҚТЖ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар