Бүгiн, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыҚытайдың Шаньдун провинциясындағы Гаоми қаласындағы химиялық зауытта жарылыс салдарынан кемінде бес адам қаза тауып, 19 адам түрлі жарақат алды. Тағы алты адам із-түссіз жоғалғандар қатарында, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қытайдың мемлекеттік CCTV телеарнасының хабарлауынша, жарылыс қаладағы өнеркәсіптік аймақта күндізгі уақытта болған. Куәгерлер түсірген бейнежазбалардан зауыт маңынан қою сұр түтіннің көкке көтерілгені байқалады.
Зауыт фармацевтика және пестицид өндірісінде қолданылатын химиялық заттар шығарады. Қытайдың Төтенше жағдайлар министрлігі оқиға орнына 55 техника мен 232 құтқарушы жұмылдырылғанын мәлімдеді.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жарылыстың қатты болғаны соншалық, зауыттан бірнеше шақырым жердегі қоймада терезелер сынып кеткен. Қазір жарылыстың нақты себебі анықталып жатыр.
Айта кетейік, осыдан он жыл бұрын Қытайдың Тяньцзинь қаласында болған өнеркәсіптік апат салдарынан 173 адам қаза тапқан болатын.
Бүгiн, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыБүгiн, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленедіКеше, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады