Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҚытайдағы қандасымыз, спортшы Ақнәр Ардақ Азия ойындарында топ жарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол бүгін конькимен жүгіруден әйелдер арасындағы командалық эстафетада жеңіске жетті. Ақнәр финалда Хань Мэй және Ян Биньюймен бірге жүгірді.
Айта кетейік, Қытайдағы этникалық қазақ қызы Бейжіңдегі XXIV қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстанға бірден танымал болған еді.
Ал былтыр ол тұрмысқа шықты. Ақнәрдің таңдауы қытай азаматына түсті. Жігіт те спортшы, конькиден ұлттық құраманың мүшесі, Бейжің олимпиадасының чепионы – Гао Тингю.
Конькиші жігіт әлеуметтік желідегі өз парақшасына Ақнәрмен құшақтаса түскен фотосуреттерді көптеп салып жүр. Екеуі де ауқымда жарыстарға қатар қатысып, бірге жүлдегер атанған.
Гао Тингю Бейжің олимпиадасында 500 метрге жүгіруден чемпион атанған.
Ақнәр биыл 1 маусымда 26 жасқа аяқ басады. Ол 1999 жылы Шыңжаңда дүниеге келген. Бастапқыда шорт-трек бойынша жарыстарға қатыса бастаған қандасымыз 2018 жылдан бері конькимен жүгіру бағытына ауысып, тұрақты шұғылдана бастады.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?