7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Қытай үкіметі үш жасқа толмаған әрбір балаға жылына 3 600 юань (шамамен 503 АҚШ доллары) көлемінде субсидия төлеуді қарастыратын жалпыұлттық бағдарлама іске қосылатынын мәлімдеді. Бұл туралы «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Субсидияға 2022-2024 жылдар аралығында туған балалардың ата-аналары өтініш бере алады. Бұл қаржылай көмек 20 миллионнан астам отбасына беріледі деп күтілуде.
Билік бұл бағдарлама арқылы елдегі туу көрсеткішін арттыруды және тұтынушылық шығындарды қолдауды көздеп отыр.
2024 жылы Қытайда 9,5 миллион бала дүниеге келіп, 10,9 миллион адам қайтыс болған. Осылайша, Қытай халқының саны үшінші жыл қатарынан азайып келеді.
Сарапшылар бұл субсидия мөлшері тым аз екенін және жақын арада туу деңгейіне немесе тұтынушылық белсенділікке айтарлықтай әсер етуі екіталай екенін атап өтті. Дегенмен, бұл бастама алдағы уақытта отбасыларға ауқымды қолдау көрсету бағдарламасының негізіне айналуы мүмкін.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?