Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚытайдың Цюаньчжоу қаласында 19 жастағы студент смартфонды шамадан тыс пайдалану салдарынан сал болып қалды. Жігіттің мойын омыртқасында тромб пайда болған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Белгілі болғандай, ол қосымша табыс табу үшін мейрамханада ыдыс жуып, үстел тазалаумен айналысқан. Күнұзақ еңкейіп жұмыс істеген студент үйіне келген соң да ұзақ уақыт бойы бейнеойындар ойнап, әлеуметтік желілерді қарап отырған.
Осының бәрі омыртқа мен қан тамырларына артық салмақ түсіріп, ақыр соңында қайғылы жағдайға әкелді.
Алғашында ол тек мойын, қол және аяқтағы жеңіл ұйып қалуды сезген. Алайда бір күні таңертең оянғанда денесінің төменгі бөлігін мүлде сезбейтінін аңғарған.
Шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген студентке дәрігерлер тексеру жүргізіп, мойын омыртқасында ірі тромб барын анықтады.
Мамандардың айтуынша, бұған омыртқа арнасындағы қан тамырының жарылуы себеп болған. Ұдайы еңкейіп жүруден тамырда гематома пайда болып, ол жедел салдануға әкелген.
Дәрігерлер студентке шұғыл ота жасап, тромбты алып тастады. Қазіргі таңда ол біртіндеп аяқ-қолына бақылауды қайта қалпына келтіріп жатыр. Дәрігерлердің болжамы оң: жас жігіттің толық айығып кетуіне мүмкіндік бар.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?