Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҚытайда ағзаның қартаю процесін баяулатуға қабілетті тәжірибелік инъекция сынақтан өткізілді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Cell басылымының мәліметінше, бұл препарат иммундық жүйені белсенді етіп, оны қартаюға ұшыраған жасушаларды жоюға бағыттайды. Мұндай жасушалар бөліну қабілетін жоғалтқанымен, ағзада сақталып немесе тіндерде жиналып қалып, олардың қалыпты жұмысын бұзады. Генетикалық түрлендірілген, қартаю белгілеріне төзімді дің жасушаларын енгізу айқын жасартушы әсер берген.
Ғалымдардың айтуынша, 12 апталық сынақ барысында мидың, жадтың, бұлшықет тіндерінің, репродуктивті функцияның және бірқатар ішкі ағзалардың жағдайы жақсарған. Сонымен қатар сыртқы жасарту белгілері де байқалған: қатысушылардың терісі мен шашында қалпына келу үрдісі тіркелген. Зерттеушілер бұл әсерді шамамен жеті жылға жасару нәтижесімен салыстырды.
Алайда мамандардың айтуынша, жұмыс әлі бастапқы кезеңде тұр. Әдістің тиімділігі мен қауіпсіздігін растау үшін ауқымды клиникалық сынақтар қажет.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?