Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрҚытай билігі жолдағы қауіпсіздікті арттыру мақсатында автокөліктерге қатысты жаңа ұлттық стандарт әзірлеуде, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қазіргі таңда қоғамда қызу талқыланып жатқан ұсыныстардың бірі - қарапайым көліктің 0-ден 100 км/сағ жылдамдыққа жету уақытын 5 секундтан аз болмауын міндеттеу. Басты мақсат - апаттардың санын азайту және жүргізушілердің қатаң бақылауда болуын қамтамасыз ету.
Көліктің толық қуатын арнайы «спорттық» режимде ғана пайдалануға мүмкіндік беріп көрмек. Сонымен қатар, шенділер кездейсоқ немесе кенет үдеу жағдайларын да бақылауға алуды жоспарлап отыр. Мысалы, тұрған немесе баяу қозғалып келе жатқан көліктің тежегіші кенет басылғанда, аудиовизуал ескерту жүйесі іске қосылады.
Электрлі және гибрид көліктерге арналған қауіпсіздік талаптары да күшейтіледі. Электромобильдер апат кезінде көліктің жылдамдығы 150 миллисекунд ішінде кемінде 25 км/сағ-қа өзгереді.
Егер апаттық жағдай орын алса, аккумулятор автоматты түрде өшірілуі тиіс. Сонымен қатар, аккумулятор ұяшықтарындағы қызып кету немесе басқа ақауды ерте ескертуге арналған жүйелер міндетті болады. Қауіпсіздік үшін видео, ойын немесе мультимедиа функциялары көліктің жылдамдығы 10 км/сағ-тан асқанда автоматты түрде өшірілуі керек.
Болашақта Қытай жергілікті автокөліктерге борттық дерекқорды ашу мүмкіндігін беруді жоспарлап отыр. Бұл жүргізушінің биометриялық мәліметтері арқылы жүргізуші куәлігі бар-жоғын тексеруге мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта жаңа стандарт жобасы қоғам талқылауына шығарылды. Сонымен қатар билік жасырын есік тұтқаларын орнатуға тыйым салу туралы қосымша ұсынысты қарастыруда.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова