22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыҚазақстандықтар әлеуметтік желілерде Қытайда танымал «Кока-кола» газдалған сусыны ресми түрде сантехникалық сұйықтықтар санатына ауыстырылатыны туралы жаңалықтарға қатысты пікірлерін жазуда. Stopfake.kz бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Пайдаланушылар бұл сусынды ішпей тұрып жақсылап ойлануға кеңес береді. Бұл рас па? Тексерейік. Қытай тілінде «Кока-кола», «Қытай» және «сантехника» кілт сөздерімен іздеу еш нәтиже бермеді. Бірде-бір ірі қытайлық БАҚ-та немесе ресми сайтта мұндай ақпарат шықпаған. Ал осы сөздерді орысша жазып көргенде, бұл жаңалықтың бастапқы көзі тез табылды. Бұл «Панорама» сатиралық порталы екен. Аталған портал шынайы жаңалықтарды жылына бір рет – 1 сәуірде жариялайды. Дәл осы ақпарат 2018 жылдың 25 тамызында шыққан, яғни бұл – әзіл, – делінген ақпаратта.
Осыған қарамастан, кейбір бұқаралық ақпарат құралдары сатиралық порталға сеніп, жаңалықты шынайы деп таратқан. Содан бері ол желіде мезгіл-мезгіл талқыланып, қызу пікірталас тудыруда. Мәселен, хабарлама 2018 жылы, содан кейін 2019 жылы талқыланған, енді 2023 жылы тағы да адамдардың назарын аударды.
Олай болса, Қытайда «Кока-кола» сантехникалық сұйықтықтар санатына енгізілгені туралы ақпарат – бұл желі қолданушылары бес жылдан бері шындық деп келе жатқан әзіл, – делінген ақпаратта.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев