Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚытайда екі айға созылатын жалпұлттық кампания жарияланды. Оның мақсаты – интернет кеңістігін жалған ақпараттан, арандатулардан және адамдарға жағымсыз эмоция тудыратын контенттен арылту, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Науқан аясында әлеуметтік желілердегі талқылаулар, іздеу жүйесіндегі рейтингтер, ұсыныстар мен пікірлер жіті бақылауға алынады. Билік адамдарды, белгілі бір өңірлерді немесе әлеуметтік топтарды қорлайтын жазбаларды өшіреді. Сондай-ақ желідегі кемсіту, қолданушылардың жеке деректерін жариялау немесе сату жағдайлары да назарда болады.
Табиғи апаттар мен төтенше жағдайлар туралы жалған хабарламаларды, мемлекеттік органдардың атынан жасалған жалған мәлімдемелерді, саясат, экономика және әлеуметтік салаға қатысты қауесеттерді таратуға тыйым салынады. «Инсайд» түріндегі бейресми ақпараттар, соның ішінде қастандық теориялары да бұғатталады.
Интернеттен қанды суреттер мен видеолар, жануарларға жасалған қатыгездікті бейнелейтін материалдар алынып тасталады. Сондай-ақ зорлық-зомбылықты романтизациялайтын нейрожелілердің өнімдері де тыйымға ілігеді. Білімді келемеждеуге, өзін пайдасыз сезіндіруге немесе депрессияны күшейтуге ықпал ететін жазбалар мен мемдер де қатаң бақылауда болады.
Әлеуметтік желі платформалары мен блогерлік агенттіктерге ереже бұзушылықтарды түзету міндеттеледі. Ал аккаунт иелеріне қатысты түрлі шара қолданылуы мүмкін: монетизацияны тоқтату, жазбаларды өшіру немесе тіпті толық бұғаттау. Қолданушыларды да ережеге қайшы контентті дер кезінде хабарлауға шақырды.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?