Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚытайдағы интернет-дүкендер Бейжің университетінің аумағында орналасқан Вэймин көлінен алынған бөтелкедегі суды сатып жатыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. Бұл су «даналық сыйлайды» деп көрсетілген.
South China Morning Post басылымының мәліметінше, бұл су әлеуметтік желі қолданушылары мен көптеген сатып алушылардың назарын аударған. Себебі судың рухани құндылығына сенеді екен.
500 мл бөтелке шамамен төрт доллардан (2 мың теңгеден астам) 14 долларға дейін (7 мың теңгеден астам) тұрады. Бұл – қарапайым бөтелкедегі судың бағасынан әлдеқайда жоғары. Қымбат бағаға қарамастан, өнімге деген сұраныс жоғары – оны шабыт алғысы, табысқа жетуді немесе ақылды болуды қалайтын адамдар сатып алып жатыр, - делінген мәліметте.
Судың шыққан жерінің шынайылығын дәлелдеу үшін кейбір сатушылар бөтелкелерді көлден толтырып жатқан сәтін видеоға түсіріп жариялайды.
Бейжің университеті – Қытайдағы ең беделді оқу орындарының бірі. Ол QS World University Rankings 2025 әлемдік рейтингінде 14-орынға ие болды – бұл құрлықтық Қытай мен Гонконг университеттері арасындағы ең жоғары нәтиже.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары