Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚТЖ және China Communications Construction Company «Бақты – Аягөз» теміржол желісін салу жобасын іске асыруды талқыланды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бейжің қаласында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов пен China Communications Construction Company президенті Чжан Биннан мырзаның кездесті. Келіссөздер аясында тараптар «Бақты – Аягөз» теміржол желісін салу жобасының іске асырылу барысы туралы әңгіме өрбітті.
Жұмылдыру қарқынын арттыру, қосымша ресурстарды тарту , сондай-ақ жұмыстарды тиімді жүргізу үшін жұмысшылардың орналасқан жерлерін жедел жайластыру қажеттілігі атап өтілді. Қытай тарапы жер жұмыстарын жобалау және жүргізу бойынша жұмыстарды қысқа мерзімде жандандыру міндеттемелерін қабылдағаны мәлім болды.
Бұл жобаны іске асыру Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы көліктік-логистикалық ынтымақтастықты дамыту үшін, сондай-ақ өңірдің транзиттік әлеуетін нығайту үшін стратегиялық маңызға ие. Құрылысты 2027 жылдың соңында аяқтау жоспарлануда. ҚТЖ және Абай облысының басшылығы тарапынан жобаны жан-жақты қолдау қамтамасыз етілмек.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек