Кеше, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыҚытайдың Хэнань провинциясының 63 жастағы тұрғыны Чэнь Имин ғибадатханадан ұтыс лотереясын тауып алып, оның иесін анықтау үшін полицияға жүгінген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Zaobao мәліметінше, әйел ғибадатханада Қытай жаңа жылының басталуына арналған дәстүрлі қойылымды тамашалаған. Ол аяқталып, көпшілік тараған кезде, әйел лотерея билетін тауып алған. Чэнь қағаздың 8 және 9 ақпанда өтетін екі ұтыс ойынына арналған лотерея билеті екенін түсінген.
Ол ұтыс уақытын күткен, себебі ештеңе бұйырмаса, билетті лақтырып тастаймын деп ойлаған. Дегенмен 10 мың юань (690 мың теңгеден астам) ұтыс шыққан. Сондықтан егде жастағы әйел билетті полицияға апарып, оның иесіне табыстауды өтінген.
10 мың юань дегеніміз аз ақша емес. Билеттің иесі мұны жаңалықтардан көріп, өзінің ұтысын алып кетеді деп үміттенемін, - деді ол.
Кеше, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыКеше, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады