29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыБейжің университетінің (Қытай) ғалымдары болашақта Айдың астыртын кеңістіктерін зерттеу үшін пайдаланылатын робот-иттердің алғашқы сынақтарын бастады. Қазіргі уақытта осы мақсатта екі прототип жасалып үлгерген, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Сынақтар Қытайдың солтүстік-шығысындағы Хэйлунцзян провинциясында орналасқан лавалық үңгірде жүргізілуде. Зерттеушілердің айтуынша, бұл үңгірдің жағдайы Ай бетіндегі ортаға ұқсас. Үңгірдің тар бөліктері адамдар үшін қолжетімсіз болғандықтан, шағын әрі епті роботтар зерттеу үшін ең қолайлы нұсқа болып отыр.
Алғашқы сынақтар барысында роботтардың жүйесі жетілдіріліп, олардың мүмкіндіктері едәуір артқан. Енді олар өздігінен қозғалып, кедергілерді айналып өтіп, жер бедерін картаға түсіріп, үңгір ішіндегі үш өлшемді құрылымдарды дәл тіркей алады.
Ғалымдар бұл технологияны болашақта Айдағы лавалық тоннельдерді зерттеу үшін қолдануды жоспарлап отыр. Себебі мұндай табиғи үңгірлер – келешектегі ай базаларын салуға ең қолайлы орындардың бірі. Олар радиация мен метеориттерден қорғайды, тұрақты температураны ұстап тұрады және мұз түріндегі суды сақтауы мүмкін. Бұған қоса, дайын кеңістіктердің болуы астронавттарға қосымша құрылыс жұмыстарын азайтуға мүмкіндік береді.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек