11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекҚытайдың ұлттық метеорология қызметі бейсенбі күні елдің кейбір өңірінде аптап ыстыққа байланысты енгізілген дабылдың «қызғылт сары» деңгейін ұзартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Синьхуа агенттігі таратқан ақпаратқа сәйкес, бейсенбі күндіз Қытайдың солтүстігіндегі кейбір аудандарда, Хуанхэ мен Хуайхэ өзендерінің арасындағы аудандарда, Янцзы өзенінен оңтүстікке қарай орналасқан аудандарда, Шыңжан Ұйғыр және Нинся-Хуэйск автономды аудандарында, Ішкі Моңғолия АР, сонымен қатар Шэньси провинциясында ауа температурасы 35 градустан асты.
Болжам бойынша, Бейжіңнің кей аудандарында, Хэбэй мен Хэнань провинцияларында термометр бағаны 40 Цельсий градустан жоғары болған.
Аптап ыстық 6-10 шілде аралығында Хэбэй, Бейжің, Тяньцзинь, Шаньдунь мен Хэнаньнің кей аудандарында тіркеледі, деп хабарлады орталық.
Қытайда жоғары температураны ескертетін үш деңгейлі ескерту жүйесі қабылданған. Ең жоғарғы қауіп дәрежесі қызыл түспен белгіленсе, одан кейін қызғылт сары және сары түстері болады.
11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес