7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Қытайда әлемдегі ең биік көпір көпшіліктің қолданысына беріледі. Бұл туралы CGTN телеарнасына сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Ресми ашылмай тұрып-ақ рекордтық биіктігімен танылған аспалы көпір Лючжи-Аньлонг автомагистралі бойында, Қытайдың оңтүстік-батысындағы Гуйчжоу провинциясында салынды. Құрылыс Хуацзянь Үлкен каньонының үстінен өтіп, 625 метр биіктікте орналасқан.
Көпірдің жалпы ұзындығы 2,9 шақырымды құрайды, ал басты аралықтың ұзындығы 1,4 шақырымға жетіп, тағы бір рекорд орнатты. Негізгі тірек құрылымдары болаттан жасалған және жалпы салмағы шамамен 22 мың тонна болатын 93 сегменттен тұрады. Бұл салмақ екі Эйфель мұнарасына тең.
China has completed the world’s tallest bridge
— RJ_02 (@PremKumarMeen12) September 15, 2025
📍 Huajiang Canyon
🔹 Height: 625m (2x Eiffel Tower)
🔹 Length: ~3 km
🔹 Strength tested with 96 trucks (3,360 tons) over 5 days — passed
🔹 Built in 3.5 years under extreme conditions#China #EngineeringMarvel pic.twitter.com/uA8K8NAElW
Құрылысы 2022 жылдың басында басталған көпір тек аймақтың маңызды көлік артериясы ғана емес, сонымен қатар туристік нысан ретінде де қарастырылды.
Айта кетсек, көпірдің іске қосылуы жол жүру уақытын айтарлықтай қысқартады: бұрын бұл бағытпен жүру үшін шамамен екі сағат қажет болса, енді бар-жоғы екі минутта жүріп өтуге болады.
Көпірмен көлік қозғалысы қыркүйектің 28-і – жексенбі күні ресми түрде ашылады.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?