Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліЭлектр көліктерін шығаратын қытайлық XPeng компаниясы адам тәрізді Iron роботын таныстырды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Роботтар XPeng компаниясының өз чиптерімен жұмыс істейтін болады, сондай-ақ болашақ роботаксилер сияқты қуатты аккумуляторға ие болады.
Компанияның бас директоры Хэ Сяопэн роботтарды қазір үйде қолдану қиын екенін, ал зауыттарда пайдалану қытайдағы еңбек күшінің арзан болуына байланысты өте қымбатқа түсетінін атап өтті. Алғашқы кезеңде роботтарды гид және ірі дүкендердегі кеңесші ретінде қолдануды жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, компания роботтарды келесі 10 жылда қанша сататынын нақты білмейтінін, бірақ бұл сан автомобиль сатылымынан асып түсуі мүмкін екенін айтты.
UBS сарапшыларының болжамынша, әлемдік адам тәрізді роботтар нарығы 2050 жылға қарай 1,4- 1,7 трлн долларға жетуі мүмкін, ал роботтардың саны 300 миллионға дейін өсуі ықтимал.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс