Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыҚытайдың Alibaba компаниясы жасанды интеллект (ЖИ) жүйесімен жабдықталған Quark S1 смарт-көзілдіріктерінің шығарылатынын жариялады. Бұл туралы Bloomberg агенттігіне сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Оқи отырыңыз:
Белгілі болғандай, Quark S1 көзілдіріктері Alibaba әзірлеген Qwen нейрожелісі негізінде жасалған. Құрылғы пайдаланушыны қоршаған кеңістікті тіркейтін мөлдір дисплейлермен жабдықталған. ЖИ көзілдірік арқылы көрінетін бейнеге «контекстік ақпаратты» қабаттастыра алады. Сондай-ақ құрылғы 24 сағат бойы қуаттамай жұмыс істей алады.
Quark S1-дің іске қосылуы Alibaba-ның ЖИ нарығындағы позициясын күшейте түсетіні атап өтілді. IDC зерттеу бөлімінің директоры Софи Панның айтуынша, компанияның смарт-көзілдіріктерінің Қытай нарығына шығуы «бәсекелестік ландшафтын өзгертеді».
Alibaba-ның бұл жаңалығы Meta компаниясы Ray-Ban брендімен бірлесіп шығарған ЖИ көзілдіріктеріне балама ретінде ұсынылып отыр. Quark S1-дің бағасы – 537 АҚШ доллары.
Бұған дейін Google Nano Banana Pro атты жаңа нейрожелісін таныстырған болатын.
Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады12 Қазан, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді